0:00 / 0:00
Қалада «Жолаушы» акциясы 1 тамыздан бері өтуде. Оның аясында БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының мамандары такси қызметімен айналысатын автокөліктерге бақылау жүргізуде.
ЕСҚАЙЫР БЕКҚАЛИЕВ
БҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Егер жеке тұлға такси қызметін жүзеге асыруды жоспарласа, мемлекеттік басқару органына хабарлама беріп, көлік құралын бұл қызмет түріне сай жабдықтауы тиіс. Алайда кейбір пысақайлар заңнама талаптарын бұзып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұмыт қалдырып жатады. Кезекті акция аясында аталмыш көліктердің біразы тоқтатылып, арнайы құжаттар тексерілді. Тексеріс кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтау сигналын елемегендер де болды.
БАУЫРЖАН СРАЖАНОВ
БҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мамандардың айтуынша, бақылау шарасының 20 күндік қорытындысы бойынша 7 жүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтіні анықталып отыр. Айта кетсек, «Жолаушы» акциясы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл аралықта сала өкілдері такси қызметін ұсынатын жүргізушілерге көлік құралдарын тоқтатқан кезде кедергі келтірмеуге шақырады. Яғни, тоқтау сигналын қалт жібермей, құжаттарды уақытылы реттеп жүру керек.