0:00 / 0:00
Өз үйім-өлең төсегім. Бұл арманға қол жеткізе алмай жүрген қазақстандықтарға пайызы шарықтаған ипоетка кедергі. Бүгінде 3 мииллионға жуық адам баспана мәселесін шеше алмай жүр.Бірі пәтер жалдап тұрып жатса, енді бірі туыстарының үйін паналауда. Жас отбасы үшін аз жалақымен баспанаға ақша жинау мүмкін емес. Қазақстандағы ипотекалық қарыздың пайыздық мөлшері әлем елдерімен салыстырғанда әледқайда жоғары. Дамыған елдердегідей 2-3 пайыздық ипотека дегеніңіз арман. Ел үкіметі әлеуметтік осал топтар үшін 7 пайыздық «Наурыз» ипотекасын енгізіп отыр. «Отбасы» банкі арқылы берілетін бұл жеңілдетілген ипотека 1 мамырдан бастап берілмек.
Үкімет отырысы барысында құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бұл тұрғын үй бағдарламасы моноқалалармен қатар ауылда да қолданысқа енгізіледі деді. Биыл 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады. Үкімет сатып алу құқығымен берілетін арендалық тұрғын үйдің көлемін бірнеше есеге арттырып, жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қоспақшы. Министрдің айтуынша, әкімдіктер жеке құрылыс компанияларынан ауданы 80 шаршы метрді құрайтын жаңа тұрғын үйді сатып алады. Тиісті нормаларды Үкімет қабылдады, мамыр бастап қаржыландыру басталады.