0:00 / 0:00
"7 -20- 25" бағдарламасы бойынша Орал қаласында 108 адам баспаналы болды.Бұл көрсеткіш әлі де өседі.Себебі осы аптаның аяғына дейін тағы бір көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілгелі тұр.Қазір құрылысы аяқталып тұрған үйдің құжаттары рәсімделіп жатыр.Енді осы үйді де БҚО халқы" 7-20-25" бағдарламасы арқылы ала алады. "7-20-25" бағдарламасы арқылы үйлі болсам деген ниетпен бүгінгі күнге дейін облыста 150 адам өтініш беріпті. Солардың ішінде 108 адам баспаналы болған. БҚО-да тұрғындарды баспанамен қамту ісі қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде Орал қаласы бойынша үйлердің құрылысы өте белсенді жүріп жатқанын айтып өту керек.
"7-20-25" бағдарламасы арқылы үйлер 7 пайызбен 25 жылға беріледі.Үй алуға ниетті адам үйдің бастапқы 20 пайызын төлеуге міндетті.Өзіне ұнаған үйлерді тұрғындар екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдей алады. "7-20-25" бағдарламасы арқылы тапсырылатын үйлерге де қойылатын талаптар бар.
Қазіргі таңда осы бағдарлама арқылы үй салып жатқан құрылыс компаниялары баршылық. Оларға да қойылатын талаптар мен ережелер баршылық. Бастысы үйді сатып алатын тұтынушының ойлаған баспанасын рәсімдеп беру.
Осы алдымыздағы үй аптаның аяғына дейін бітіріп "7-20-25" бағдарламасы арқылы тұрғындарға беріледі.