Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

 «60 жас-зейнет жасы ма?»

c 18:00, 27/01/2021 c 639

 

0:00 / 0:00

Депутаттар зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді талап етті. Мәжілісмен  Александр Милютин премьер-министрге жолдаған сауалында зейнеткерлікке шығу шегін 60 жасқа төмендетуді  ұсынды.  Бүгінде Қазақстанда зейнет жасы ер азаматтар үшін 63 жастан, әйелдер үшін 60 жастан басталады. Айта кету керек, әйелдер үшін зейнет жасы 2027 жылға дейін  жылда 6 айға ұлғайып отырады.

Өмірінің жартысынан көбін еңбек етуге жұмсап, қартайған шағында бейнеттің зейнетін көрем деп армандамайтын жан жоқ шығар. Қазақстанда бұл арманға жету үшін еңбек етуден талмай, алпыстан асып, жетпіске жеткенше жүре тұруға тура келеді. Себебі, зейнет жасына қатысты заң талабында ерлер 63 жастан бастап зейнеткер атанса, әйелдердің  он жыл бойы әр алты ай сайын  зейнеткерлікке шығу жасы артып отыр. Бұл 2013 жылы енгізілген өзгерістін. Алайда, зейнет жасына қатысты мәселе қоғамда соңғы кезде жиі көтеріліп отыр. Депутаттардың өзі бұны бірнеше рет айтып, үкіметке ұсыныс жасаудан шаршаған емес. Депутат Милютиннің мәлімдеуінше, ерлер мен әйелдер  зейнетке 60 жастан шығу керек. 2027 жылға дейін зейнеткерлікке шығу жасы жарты жыл сайын  ұлғая береді. 10 жылдан соң, ерлер 66 жасында, әйелдер 63 жасында зейнеткер атанады. Ал бұл күнге жете алмай жатқандар да бар. Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасына сүйенсек, Қазақстанда орташа өмір сүру жасының ұзақтығы  72 жас.

Александр Милютин –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Біздің ең басты ұсынысымыз- азаматтардың зейнткерліккеи шығу жасын қайта қарау. Бұл жерде еңбек өтілі ауыр болған азаматтар да бар. Зейнткерлікк шығу шегін 60 жас деп бекіту керек. Әйелдер мен еркелерге бірдей болуы тиіс. Жастар арасында жұмыссыздық орын алып отырған кезде, зейнет жасына жеткендерді ұзақ ұстаудың еш негізі жоқ. Ал ең аз базалық зейнетақы көлемі орташа жалақымен тең болғаны жөн»

Әрине, ертерек зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі де бар. Мысалы, ер азаматтар 55 жасында, әйелдер 51 жасында зейнеткер атана алады. Алайда, ол үшін зейнетақы анниутитеті болуы керек. БЖЗҚ қорыңызда 10-14 миллион теңгеңіз жатса, ешкім сізді жұмыс істе деп қинамайды. Экономистердің пайымдауынша, үкімет зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеру шешімінен бас тартпайды. Зейнет жасын төмендету үшін БЖЗҚ қаражатын тиімді пайдалану керек. Бүгінде қордағы қаражаттың 47 пайызы мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған. Ал ол дағдарыс барысында тиміді актив болып табылмайды. Осылайша, ТМД елдері ішінде Қазақстанда ғана зейнет  жасы  ұлғайтылған. Ең төменгі зейнетақы көлемі 43 мың теңгенден басталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.