Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

60 жанұя жылуға жарымай отыр

c 17:48, 22/10 c 1

Орал қаласында көктемгі қатерде баспанасын су басып, жаңа үйге көшкен тұрғындардың қуанышы көпке созылмады. Орақбаев көшесі 1В мекенжайында тұратын 60 отбасы жылусыз отыр. Көпқабатты баспана көгілдір отынға қосылмаған. Сол себепті автономды жылу қазандығы жасамай тұр. Соның салдарынан 60 жанұя салқын үйде дірдектеп жан бағуда.

Қалада жылыту маусымы басталғанымен Орақбаев көшесі 1 мекенжайында тұратын тұрғындар жылуға жарымай отыр. Аталмыш көпқабатты үйдің 60 пәтеріне су тасқынынан зардап шеккен отбасылар қоныстанған. Қыркүйекте ғана жаңа үйдің кілтін алдық деп бөркін аспанға артқан ағайынның қуанышы ұзаққа созылмады.

Тұрғындар салқын үйде жылыту пештерін жағып жан бағып отыр. Балалары ауырып, ересектерден маза кеткен. Әр бөлмеде пеш жаққанмен, үй жылымайды. Сол себепті коммуналдық төлем ақысы артып, қалтаны қағуда.

Тұрғындардың талап-арызын көгілдір отынға жауапты "Қазақ газ аймақ" мекемесін жеткіздік. Мамандар көпқабатты үйдің 80 пайызына тұрғындар қоныстанбайынша газ қосылмайтынын кесіп айтты. Қауіпсіздік талаптары осындай екен.

Мәселенің мән-жайын білмек үшін үй салған компанияға жолықтық. Екі мәрте мердігердің кеңсесіне барып, директорын орынынан таба алмадық. Мекеме директоры деп таныстырған Замир мырзамен телефон арқылы хабарласып, сұқбат алуға өткен бейсенбіде уағдаласқан едік. Алайда, кейін компанияның басшысы телефон тұтқасын мүлдем көтермей, сұрағымызды жауапсыз қалдырды. Жылуға жарымай отырған тұрғындардың талабын Орал қаласы әкімдігіне айттық.

Қала әкімінің орынбасары суық күнде салқын үйде жан бағып отырған жандарға жылу бере бастады деп хабарлады. Осы үй секілді жаңа баспанаға қоныстанған жандарды толғандырған мәселелер шешімін табады деп сенейік!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.