Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

6 отбасы қоныс тойын тойлады

c 13:53, 05/08 c 25

0:00 / 0:00

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен жандар қоныс тойын тойлауда. Кезекті қуаныш Бәйтерек ауданына қарасты, Махамбет ауылында жалғасты. Қызыл судан зардап шеккен жанұяларға жаңа үйдің кілтін табыстады. Тұрғындардың қуанышымен арна тілшісі Ажар Хамитова бөлісіп келді.

Бұл-қаланың іргесінде орналасқан Махамбет ауылы. Бәйтерек ауданына қарасты ауылдық округ көктем кезінде қызыл судан зардап шекті. Аталмыш елдімекенде 32 үй суға кетті. Комиссия шешіміне сәйкес, 6 отбасының баспанасы тұруға жарамсыз деп танылды. Үйлерінен айырылған жандар енді міне қоныс тойын тойлап, бөркін аспанға атты. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов ауылдық ағайынға құтты болсын айтты.

Баспаналы болған жанұяның бірі-Жұрымбаевтар әулеті. Жетпістің бесеуіне келген қария көктемде қиын болғанын жасырмады. 2001 жылдан бері тұрған баспанасы қызыл судың кесірінен қисайып, тұруға жарамсыз деп танылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында, жаңа баспананың кілтіне ие болды.

Сәуірде үйдің құрылысы басталған. Аз ғана уақыттың ішінде тұрғындардың баспанасы бой түзепті. Мердігер компания 2 жылға кепілдік мерзімін берген. 1 үйдің құрылысы үшін 27 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.