0:00 / 0:00
БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Азамат Айтуевтың айтуынша, 2018 жылы еңбек заңнамасына 995 арыз-шағым тіркелген. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауы бойынша кәсіпорын-ұйымдарға жоспардан тыс 356 тексеру жүргізіп, 1000 жұмсышының құқығын қорғаған.Жүргізілген тексерулердің барысында 377 заң бұзушылық анықталып 92 жұмыс беруші жауапқа тартылған. Яғни, бұл жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлерге жалақыны уақытылы және толық мөлшерде төлемеу, еңбек шартының жасалмауы, еңбек шарты мазмұнының ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес келмеуі әлі де өзектілігін жоймай отыр. Мәелен өткен жылы жалақы мәселесі бойынша 219 мекемеде 258 млн.нан аса жалақы берешігі өтелген. 3 жылғы талдаулар нәтижесіне көз жүгіртетін болсақ, облыс бойынша 1 млд тан аса жалақы өндіріліп жұмысшы құқығы қорғалған.
Өткен жылы облыс бойынша өндірісте 51 жазатайым оқиға тіркеліп, 54 қызметкер жарақат алған. Соның ішінде 43 адам ауыр жарақат алып, 6 адам өндірісте қаза тапты. Олар «Бірлік» ЖШС, «УралТехСервис» ЖШС, «Орал жаңа үй құрылыс комбинаты», «Uniserv» және «Uniserv-Trans» ЖШС-де және жеке кәсіпкер М.Давленовтың қызметкерлері болып табылады.Сонымен қатар, басқарма кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында өндірістік кеңестің құрылуы, халықаралық ұлттық стандарттардың енгізілуі және де әр түрлі еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыстар атқарылуда.