Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5,7 мың ақылы жол салынады 

c 11:00, 22/04/2020 c 533

0:00 / 0:00

Үкімет ақылы жолдар салуға басымдық беріп отыр.Бұл мәселе бүгін Үкіметте қаралған  2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында талқыланды. Индустрия министрі  Бейбіт Атамқұловтың мәліметінше,  осы бағдарлама бойынша 112 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жол құрылысы мен реконструкциясы, республикалық желідегі 11 мың шақырым жолды күрделі және орташа жөндеу жоспарланған.  Бес жылда жол салуға 5,5 трлн теңге жұмсалмақ.

Мәтін. Биылдан бастап бес жылға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы жүзеге аспақ. Үкімет республикадағы сапасы сын көтермейтін жолдарды жөндеуге, жаңа жолдар салуға, соның ішінде ақылы жолдар санын арттыруға басымдық беріп отыр. 10 мың шақырым жол салынып, 11 мың шақырым жол жөндеуден өтпек. Қазынадан жолға 5,5 трлн теңге жұмсалмақ. Осылайша, министрлер кабинеті  автожолдардың сапасын 100 пайыздық көрсеткішке жеткіземіз деген сенімде. Ал соның ішінде ақылы жолдар үлесі 45 пайызға ұлғаймақ.  5 мың 700 шақырым жол ақылы болады.

Енді үкімет ақылы жолдар үлесін көбейту есебінен,  бюджет қаражатын үнемдейміз деп отыр. Бүгінгі күні республикалық маңызы бар 11 мың шақырым автожол ақылы қызметке ауысты. Осылайша бұл жолдарды бюджет есебінен күтіп-баптау азайды.  Өздеріңізге мәлім, бүгініг күні үлкен жолдардың бойындағы сервистік қызмет көрсету әлі де болса сын көтермейді. Бұл мәселені де ақылы жолдар есебінен шешпек. Сондай-ақ, өңірлердегі әуежайлардың да жағдайы мәз емес.  Үкімет отырысында Түркістандағы халықаралық әуежай мен Шымкенттегі жаңа жолаушылар терминалы салынып біткені, Өскемен, Үржар, Үшаралдағы әуежайларында қайта жөндеу жұмыстары басталғаны мәлім болды. Жалпы алдағы алты жылда елімізде 13 әуе айлағын салу көзделген.  Жолдар мен әуежайлар құрылысын жүргізу үшін құрылыс материалдарын дер кезінде жеткізу қажет. Ал карантин барысында бұл проблема тудыруы мүмкін. Сондықтан премьер азық-түлік таситын жасыл дәлізден құрылыс материалдарын таситын жүк көліктерін де өткізу қажеттігін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.