Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

533 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ АЙЫППҰЛ ТОЛТЫРЫЛДЫ

c 17:39, 06/04/2021 c 379

0:00 / 0:00

Желіде қарсы бағытқа шығып, Абай даңғылы бойымен ызғытып бара жатырған нөмірі 22 маршрут автобусының видеосы әлі таралып жатыр. Погондылар бұл жүгенсіз жүргізушіні тез анықтап, айыппұл салған. Енді ол жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Шаһарда жыл басынан бері осы секілді ережені өрескел бұзған 533 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАПТЫ.
Оралдықтардың басым бөлігінің қоғамдық көлік қызметі сапасына көңілі толмайды. Қала тұрғындары автобустардың бір-біріне жол бермей, жолаушыға таласып, жылдамдықты шамадан тыс асыратынын айтып, жүргізушілердің дөрекілігіне наразы. Ал қоғамдық көлікті аузы-мұрнынан толтырып алатын жолаушы тасымалдаушылар санитарлық талаптың сақталуына мүлдем назар аудармайды. Таңғы және кешкі уақыттарда салон ішінде ине шаншыр орын болмайтыны сөзімізге дәлел.
Ең өзекті мәселенің бірі- автобустар қатынасы арасындағы уақыт өлшемі. Жұмысқа асыққан тұрғындар қоғамдық көлікті сағаттап күтетін жағдайлар жиі кездеседі. Жолаушы тасымалдаушылар бұған техниканың ескіріп, жиі сынуы себеп дейді. Осының салдарынан козғалыс кестесі бұзылып, тіпті жолда кептеліс туындайды. Қоғамдық көлік қызметінің табыс деңгейі елдегі пандемия әсерінен қатты төмендеп кеткен. Күн сайын қалаішілік бағыттар бойынша желіге 320-ға жуық автобус шығады. Алдағы уақытта 110 жолаушыны қамтитын 30 ірі қазақстандық автобус КПО б.в. компаниясының есебінен сатып алынғалы отыр. Халық игілігіне берілетін жаңа автокөліктер шамамен 60 млн. теңге тұрады. Егер осындай жаңа қоғамдық көлік қолданысқа берілсе жұмыс сапасы артар деген сенім бар..

 

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.