Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500 студент "Сергек бол" сайысына қатысты

c 15:14, 16/09 c 4

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды. Фестиваль барысында "Сергек бол" атты спорттық сайыс өтті. Жарысқа оқуға енді түскен 1 курстың студенттері қатысты.

Жәңгір хан университеті жылдағы дәстүрден жаңылмай "Сергек бол" сайысын ұйымдастырды. Спорттық доданы прокурорлар, дәрігерлер мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдері қолдады. Мамандар денсаулықты күту, нашақорлық пен зиянды әдеттерден аулақ болуға байланысты кеңестерін аямады. Іс-шараны ұйымдастыруға "Ақ отау" отбасы орталығы демеушілік көрсетті.

Жарысқа 500 студент қатысты. Олар қызықты эстафетада жылдамдыққа жарысты. Ал арқан тартыста кім мықтыны анықтады. Жастар шағын футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі бойынша сынға түсті. Осы күзде Жәңгір хан университетінің студенті атанған жастар спорттық сайысқа құлшына қатысты. Олар жарыста жаңа достар тауып, бос уақытын ұтымды пайдаланды. Студенттер мұндай шара жаңа ортаға келген жандарға қолдау мен мол мүмкіндік екенін айтады.

Әрбір жарыстың жеңімпаздары марапатталды. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер оқу орны құрамасының сапына қабылданады. Спортшылар университет намысын түрлі жарыста қорғамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.