Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500 қазақстандық Түркияда қалып қойды

c 13:48, 28/04/2020 c 407

0:00 / 0:00

Пандемияның салдарынан Түркияда 500 Қазақстан азаматы қалып қойды. Олардың басым бөлігі студенттер мен жұмыскерлер. Шетте қалған отандастарымыз шекара жабылып, әуе рейсі  тоқталғандықтан елге келіп үлгермей қалған. Инстаграмм желісінде тараған ақпаратқа сүйенсек,  Түркия жағы ұшақ бөліп, ұшуға рұқсат бергенімен Қазақстан жағы өз азаматтарын қабылдаудан бас тартқан. Шетте қалған қазақстандықтар ел билігінен көмек сұрап жатыр. Осы жағдайға байланыста елордалық тілшіміз Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, мәселенің мән-жайын білген еді.

Әлемді шарпыған қауіпті індеттің таралуынан шетте жүрген азаматтар жаппай елге оралып жатқаны мәлім. Оның ішінде студенттер, сыртта жұмыс істеп жүргендер және вирус тарап жатса да демалуға барғандар бар. Алайда, бүгінгі күні  Түркияда 500 отандасымыз қалып қойды. Шекара жабылып, әуе қатынасы тоқтағаны мәлім. Түркиядағы қазақстандықтар сол жердегі елшілікке шығып, сәуірдің 27 күні елге ұшасыздар деген жауап алған. Бірақ күні кеше Қазақстан елшілігі  рейс болмайды деп хабарлаған. Елге орала алмай қалған азаматтармыз әлеуметтік желіде жазған жазбаларында Түркия тарапынан ұшақ бөлініп, рұқсат берілгенімен, Қазақстан жағы қабылдамай жатыр деп шағымданады.Осыған орай,Түркияда қалып қойған азаматтар күн көретін қаражатымыз бітті,  өзге елде далада қалып отырмыз, жедел түрде  үйге оралуымызды қамтамасыз етсін деген өтініштерін алға тартады. Осы мәселеге қатысты сыртқы істер министрлігіне хабарласқан едік. Министрліктің ресми өкілі Қазақстан жағы азаматтарды қабылдаудан бас тартты деген ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол Түркиядан жете алмай жатқан отандастарымызды жақын арада елге әкелеміз деді.

COVID-19  инфекциясы тарағаннан бері шетелден бірнеше мың қазақстандық  елге оралды .

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.