0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында бес жасар бала үшінші қабаттан құлап кетіп, көз жұмды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таратқан ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 12.13-те Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала ауылында болды. Меңдіханов көшесі бойында үш қабатты үйде қараусыз қалған 2014 жылғы бала терезеден құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы барғанымен бүлдіршінді құтқару мүмкін болмады. БҚО ТЖД ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар пластикалық терезелерді орнату кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.