Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5 МИНУТТА КӨЛІК ҚЫЗА МА?

c 17:34, 24/01 c 2

0:00 / 0:00

Соңғы кезде әлеуметтік желіде автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыпұл салып жатыр деген ақпарат кең тарауда. Қазақстандықтар бұл айыппұл жинау үшін енгізілген норма дейді. Айта кету керек, аулада жүргізушінің көлігін 5 минуттан артық қыздырғанын дәлелдейтін бейнетаспа болған жағдайда ғана айыппұл салынады. Алайда, жүргізушілер қақаған аязда 5 минутта көлік қызып үлгермейді. Бұл норманы қабылдарда еліміздің солтүстік аймақтары ескерілмеген деп отыр. Суқы аймақтарда көлікті қыздыруға 20 мин уақыт кеерк деген пікірлерін әлеуметтік желіде жарыса жазуда.Тіпті ақжолдық депутаттар Үкіметке жолдаған сауалында өңірлердің климатын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған автокөлік қозғалтқышы бар тұрақ туралы норманы қайта қарауды және зиянды шығарындыларды азайту бойынша баламалы , әділ шараларды пысықтауды сұрағанды. Ал еліміздің бас экологы Ерлан Нысанбаев бұл норма 20 жыл бұрын қабылданғанын айтты. Ол көлікті қыздыруға 5 минут жеткілікті дейді.

Кейін экология министрі өз сөзінің дәлелі ретінде эксперимент жүргізіп, оны әлеуметтік желіге салған еді. шум. Видеода министр көлікті жылытуға 5 минут жұмсағанын көрсету үшін телефонына таймер қойды. 5 минуттан соң қозғалған көліктің қаншалықты қызғаны нақты көрсетілмеді. Ал әлеуметтік желіде Петропаулдық Алтынбек есімді азамат көлігін белгіленген уақыттан артық қыздырғаны үшін айыппұл төлегенін жариялады. Оны көзі қырағы көршісі түсіріп алған екен. Шум.
Сенатор Қожаев экологиялық нормалдарды сақтау үшін керек заң талабын орындамағандарға айыппұл салынуын қолдайды.

МАРАТ ҚОЖАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ "5 минут жеткілікті. Заманауи көліктер арнайы техникалық тұрғыдан жабдықталған. Тоқтап тұрғанда көліктің тежеуішін басқанда, көлік өшіп қалады. Бұл ауаны аз ластау үшін керек. Көлік қозғалыс кезінде тез қызады, сәйкесінше қорғаныс оксидін аз бөледі. Мен норманы қолдаймын. Бұл адамдардың игілігі үшін істелген. Иә, бізде көліктердің техникалық жағдайы көңіл көншітпейді. Бірақ уақыт өте көліктер жаңарады. Ал ескі көліктер белгілі уақыттан кейін қолданыстан шығарылады. Оған дейін иә, айыппұл төлейді".

Егер жүргізуші аталған норманы алғаш рет бұзса 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал екінші рет заң бұзса 10 АЕК айыппұл төлейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.