0:00 / 0:00
Деркөл кентінің "Көкжиек" ауданында орналасқан №48 мектеп өз жұмысын бастады. Жаңадан салынған мектептің құрылысы 2016 жылдың қараша айында басталған болатын. Мектеп 600 балаға арналған.
Осы аптадан бастап, бұрын №12 мектептің қабырғасында білім алып келген 400 оқушы су жаңа оқу ордасында білімдерін шыңдамақ. Білім беру ошағы барлық қажетті делінген қазіргі заманауи құрылғылармен қамтамассыз етілген. Одан бөлек 2 спорт залы, 130 орындық асханасы бар. Білім беру ошағының ашылу салтанатына келген ата-аналар қауымы Көкжиек ауданына орын тепкен мектепке оң бағасын берді.
Сала мамандарының сөзінше, жаңадан ашылған кабинеттің оқушылар үшін тигізетін пайдасы көп. Себебі, бұл орталық оқушыларға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертіп, болашаққа кәсіби бағдар беруге үйретпек.
Сондай-ақ, мектеп қабырғасында ұлттық спорт түрі саналатын тоғызқұмалақ пен асық атудан үйірмелер өз жұмысын бастамақ.