Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

450-ге жуық басшыны қысқарту жоспарланып отыр

c 18:24, 07/12/2018 c 730

Ішкі істер министрлігі аймақтық полиция органдарының аппараттарында 450-ге жуық басшыны қысқартуды жоспарланып отыр. Бұл жайында еліміздің бас полицейі Қалмұханбет Қасымов «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін одан әрі жаңғырту» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауларда айтты. Жиын барысында қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдауда әділдікті қамтамасыз етіп, тәуелсіз және әділ сот жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ сот ісін жүргізудің жеделдігі мен анықтығын арттыру қажеттігі айтылды. 

Құқық қорғау қызметін дамыту, сот жүйесін жетілдіру, қылмыстың алдын алу мәселерін құқық қорғау органдары төрт көз түгел жиналып талқылады. Полицейлер, прокурорлар, соттар, заңгерлер мен депутаттар бас қосқан бұл жиында халықтың сенімін арттыру мәселесі басты тақырып болды. Ішкі істер министрі Құқық қорғау органдарын жаңғыртудың 2018-2021 жылдарға арналған жол картасын таныстыра келе, саланы саны көп, сапасы жоқ полицейлерден тазалайтынын айтты. Министрліктің орталық аппараты мен оның ведомстволары, аймақтық полиция органдарының аппараттарында 450-ге жуық басшы қысқартылады.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
«Атап айтсақ, штат санының 10 пайызы қысқарады. БҰҰ ұсынымында 100 мың адамға 300 полиция қызметкерінен келу керек делінген. Бұл шара елдер арасындағы полицей саны бойынша рейтингте Қазақстанның позициясын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір бізде 100 мың адамға 471 полиция қызметкерінен келеді. 10 пайызға қысқарту кезінде біз 100 мың адамға 424 полицейге жетіп, осылайша Еуропа нормаларына жақындаймыз. Осы жұмыс аясында біз артық басқару буындарын қысқартамыз. Тергеушілер, учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдерді қысқартпаймыз».

Сенат төрағасы өкілеттіктердің қайталануын және қызмет шеңберінен тыс функцияларды барынша шектеу қажет, сотқа дейінгі тергеу, қадағалау және сот органдары арасындағы міндеттердің нақты белгіленуін қамтамасыз ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізу керек екенін айтады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Қылмыстық процесс – бұл адамның құқықтары мен бостандығына билік көбірек ықпал ететін тәуекелі жоғары сала. Азаматтардың құқық қорғау органдарының жұмысына және соттың әділдігіне сенімсіздікпен қарауына жол беруге болмайды. Мұндай жағдай қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына теріс әсерін тигізері даусыз. Қылмыстық-процестік заңнама азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделуі тиіс».

Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдауда әділдікті қамтамасыз ету, тәуелсіз және әділ сот жүйесін жетілдіру, алқа билер жүйесін кеңінен қолдану мәселесі де сөз болды.

АРЫСТАН АҚПАНОВ – ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
«Халықтың сенімін арттыру үшін, Қазақстанда классикалық алқа билер сотын енгізіп, кеңінен қолдану керек. 12 адамнан тұратын алқа билер кәсіби судьяның қатысуынсыз, дербес шешім қабылдауы керек. Бұл әлемде қолданылып жатқан жүйе, Ресейде, еуропа елдерінде де алқа билер соты бар».

Адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы айыптаушы мен қорғаушы тарап арасындағы сөз жарыстыру қағидатының орындалуын одан әрі нығайту керектігі де айтылды. Жалпы елімізде құқық қорғау жүйесіне деген халықтың сенімі әлі де болса төмен. Сондықтан бұл салада әлі де еңбектену қажет.

Ә.Қалкен

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.