Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4,5 МЛН. АДАМ БАСПАНАСЫЗ

c 08:53, 19/09 c 45

0:00 / 0:00

Бүгінде елімізде 4,5 млн адам баспанасыз жүр. Қолжетімсіз баспана, пайызы шарықтаған ипотека көптеген адамның қолын байлап отыр. Үй алу арман болған. Ал жылда баспананың бағасы шарықтап жатыр. Несиеге үй алғандар, оны жөндету үшін тағы да несие алып, қарызға белшеден батуда. Оның үстіне үлескерлер проблемасы бар. Депутат Таудың айтуынша, елдегі мыңдаған салымшы сақалды құрылыстан зардап шегіп отыр. 2023 жылы Қазақстандағы үлестік құрылыстың көлеңкелі нарығының үлесі шамамен 70% құрады. Соның бір мысалы, Алматы облысындағы екі жылдан бері үйлеріне кіре алмай отырған 200 отбасының дау-дамайы. Депутат ханым бұл мәселенің шешімін табу үшін құрылыс саласына «эскроу-шоттар» ұғымын енгізуді ұсынды. Құрылыс компаниясы объектіні пайдалануға бергенге дейін салымшылардың қаражаттары арнайы «эскроу-шоттарда» сақталады. Құрылыс компаниясы шартты бұзған жағдайда, салымшы ақшаны шешіп ала алады. Бұл үлескерлердің алданып қалмауына мүмкіндік берер еді.

Баспана нарығындағы тағы бір проблема- жалдамалы пәтер құны. Таудың мәліметінше, елімізде 2 миллионнан астам азамат пәтер жалдап тұрады. Олардың біраз бөлігі студенттер. Ал пәтерді жалдау бағасы күннен-күнге шарықтап жатыр. Бұл орайда депутат пәтерлерді жалға беру және алу нарығын реттеуді ұсынады. Ол пәтерлерді жалға беру бағасының шектік арасын айқындап, жалға алу және беру шартының типтік жобасын бекіту қажет деп есептейді.

Ал үкімет қабылдап, енгізіп жатқан қолжетімді баспана туралы бағдарламалар көптің мәселесін шеше алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.