0:00 / 0:00
Бүгін тасқын судан зардап шеккен 44 отбасы баспаналы болды. Кәсіпкерлер қолдауы нәтижесінде берілген пәтерлер ескі әуежай ауданындағы су жаңа көп қабатты үйде орналасқан. Шараға облыс және қала басшылығы қатысты. Бұл үйде 90-ға жуық пәтер болса, әкімдік пен кәсіпкерлер бірлесе 44 отбасыға үй сатып алынған. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов қатысып, тұрғындарды бүгінгі қуанышымен құттықтады. Оның айтуынша, облыс бойынша 80 үйдің кілті бірілген. Оның 60-ы Бөрліде, Жымпитыда Үш ай туыстары мен эвакуациялық орталықты паналаған отбасылар 3 және 4 бөлмелі үйге көшті. Олардың қуанышында шек жоқ. Салтанатты рәсімде қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтың берген ақпаратына сүйенер болсақ, 1300 отбасының баспана мәселесі шешілген, бүгін 122 пәтердің кілті табысталды. Бұл шара одан әрі жалғасады.