Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

42500 заңсыз алғандар жауапқа тартылады

c 10:00, 17/07/2020 c 732

0:00 / 0:00

42500 теңгені заңсыз алғандар жауапқа тартылады. Онлайн брифингте Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов шілде айында табысынан айырылған азаматтарға бір реттік өтемақы беру мәселесін түсіндірді. Министрдің айтуынша, ертеңнен бастап қазақстандықтар 42500 теңгеге өтініш бере алады.

Еңбек министрі 42 500 теңгеге өтініш қабылдауға сақадай саймыз деп отыр. Барлық портал әзір екен, түні бойы тестілеуден өткен. 17 шілдеден яғни ертеңнен бастап табысынан айырылған қазақстандықтар әлеуметтік төлемге өтініш бере алады.

42 500 теңгеге шілде айында  табысынан айырылған кәсіпкерлер, ақысыз еңбек демалысына шыққандар,  жұмыссыз қалғандар өтініш бере алады. Егер осы өтемақыға жалған ақпаратпен өтініш беріп, алып алса мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жәрдемақыны заңсыз алғандардан ақшаны қайтаруды талап етеді. Егер орындамаса, сотқа жүгінеді

Сондай-ақ, министр  42 500 теңгені заңсыз алған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін де жауапкершілік барын айтты. Төтенше жағдай кезінде екі бойы бұл  өтемақыны 4 млн 608 мың адам алды.  Бұған қордан 322 млрд теңге жұмсалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.