0:00 / 0:00
Қауіпті індеп жайлап, елімізде төтенше жағдай жариялаған кезде жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау үшін мемлекеттің беріп жатқан 42500 теңгесі жыр болып кетті. Еңбек министрлігі ұсынғандай, табысынан айырылғандар egov порталы, 42500enbek сайты арқылы өтнішін бере аламй әлек болуда. Ал министрлік уәде еткен телеграмм-бот мүлдем жұмыс істеген жоқ. Дегенмен, бүгінгі күні 42500 теңге алуға ниетті жандардан түскен өтініштер саны 1 млн 824 мыңды құрап отыр.Бірақ оның ішінде шынайы ақпарат беремй жатқандар бар дейді еңбек министрі Нұрымбетов мырза. Министрдің онлайн брифингінен толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.
Осыған дейін де хабарланғандай, аты жаман індет жайлап, қазақстандықтардың көбі табысынан айрылып жатыр.Сауда-саттық, қызмет көрсету салаларындағылар, жалданып жұмыс істеп жүргендер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар барлығы дерлік карантин барысында үйде отыруға мәжбүр. Бұл келеңсіздік жағдай халық әл-ауқатын нашарлататыны сөзсіз. Ел Президентінің тапсырмасымен төтенше жағдай барысында табысынан айырылғандарға 42500 теңге көлемінде ай сайын жәредмақы беріп тұру тапсырылды. Бүгінде 1 млн 284 мың қазақстандық өтініш білдіріпті. Алайда, осы бір өтінішті берудің өзі қиынға соғып отыр. Неше күннен бері еңбек министрлігі ұсынған egov порталы, 42500enbek.kz сайтына азаматтар кіре алмай әлек болуды. Министр Нұрымбетов халықтан бұл кемшіліктер үшін кешірім сұрады.
Ал кейбір азаматтардан бір емес, екі-үш өтініш түсіп жатыр екен. Тіпті ай сайынғы табысы 500 мыңнан бір миллионға дейін баратын азаматтар да 42 500 теңге алуға өтініш берген. Ал бұл орайда шынымен де осы көмекке мұқтаж жандар тіркеле алмай жатыр.
Тағы бір мәселе, өтініш білдіріп жатқандардың ішінде мүлдем есепшот ашпаған адамдар да кездесуде. Ал есепшотсыз мемлекет осы қолдауды күтіп отырған адамға ақша жібере алмайды. Еңбек министрі , өтініш берген кезде банкте шотыңыз болмаса, шотты көрсететін жерге ештеңе көрсетпейсіз. Талапқа сай болған жағдайда сізге 42 500 теңге тағайындап, сіз есепшот ашқанша 1 ай күтеміз, деп отыр. Бұл мәселені тездету үшін министрі екінші деңгейлі банктерден қолдау күтеді.
Сондай-ақ, декретте отырғанына 1 жылдан асқан аналар 42 500 теңге жәрдемақыны ала алады. Еңбек министрі өз бетінше жұмыспен қамтылып, қазір табыссыз қалған азаматтар бірыңғай жиынтық төлем жасаған күнде ғана бұл жәрдемақыға қол жеткізетінін тағы айтты.