0:00 / 0:00
42 500 теңге ала аламй қалғандардың өтініші қайта қаралады. Қауіпті інде-кооронавирустың таралуына байланысты елде төтенше жағдай жарияланып, жұмыс тоқтап, табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан42500 теңге әлеуметтік төлем берілген еді. Қазақстандықтар төтенше жағдай аяқталғанша яғни екі ай бойы осы көмекті алып келді. Қазір бұл төлем тоқтатылды. Ал төлемнің екінші кезеңінде арман болған 42 500 теңгеге қол жеткізе алмай қалғандар да болды. Енді еңбек министрлігі 42500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарамақшы. Бұл жайында құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады.
Жыр болған 42 500 теңгеге қатысты дау әлі де аяқталар емес. Енді елде төтенше жағдай аяқталған соң, бұл азаматтар мемлекет қолдауынан қол үзді. Пандемияның салдарынан жұмыссыз қалып, табысынан айырылғандар мемлекеттен осы төлемді алуы үшін өтінім білдіргенді. ТЖ барысында 4,5 млн адам әлеуметтік төлемді ала алды. Соның бірінші кезеңінде 3 млн 700 адам 42500 алса, екініш кезеңінде бұл көмекке 3 млн адам қол жеткізді. Яғни мамырда мемлекет қолдауынан қағылғандар бұл әділетсіздік деп даурыққанды. Енді еңбек министрілігі «42 500 теңге» төлемі тағайындалмағанмен келіспейтін азаматтардың өтініштерін қайта қарамақшы.
Яғни екінші кезеңдегі төлемнен құр қалғандар әкімдікке өтініш білдіреді. Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.
Еңбек министрлігі өкілінің айтуынша, карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.
Сондай-ақ, аты шулы төлемді еш өтінішсіз, жұмысы бола тұра алғандар да бар. Алайда, олардың тарапынан «42 500 теңге» әлеуметтік төлемді мемлекетке қайтарып жатқандар санаулы ғана екен. Айта кетейік, бұл үшін жауапкершілікке тарту қарастырылмаған.