Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

416 мың гектар жер игерілмей жатыр

c 15:19, 19/07/2021 c 1778

0:00 / 0:00

Ауыл тұрғындары төрт түлігін жаятын жер таппай қиналып жүр. Қазіргі таңда 27 елдімекенде жайылым тапшы екені анықталған. Бұл туралы жер қатынастары басқармасының басшысы әкімдікте өткен жиналыста мәлімдеді. Шаруа қожалығын ашып, мемлекеттен жалға жер алып, оны не өзі пайдаланбай, не өзгеге бермей отырған шаруалар жетерлік.

Облыс аумағында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген 416 мың гектар жер бос жатыр. Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді. Бұдан келетін кесел көп. Ауыл тұрғындары жекенің қолына өткен жерлерге малын жая алмаса, шаруалар кәсібін үлкейту үшін жер ала алмай дал. Мемлекет жерді алып, не өзі кәдеге жаратпай, не өзгеге бермей отырған кәсіпкерлермен күресіп келеді.

Жиында жер қатынастары басқармасының басшысы игерілмей жатырған жер телімдерін жіпке тізді.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев аудан әкімдерінен есеп алып, жер телімдерін пайдалану бойынша жағдайға қанықты.

Кеңесті қорытындылаған аймақ басшысы жерді жалға беруде ашықтықты қамтамасыз ету керек деп тағы бір мәрте ескертіп, 1 гектар жерге шаруалар егін ексе 150 млн теңгедей табыс табуға болатынын атап өтті.

Биыл жер заңнамасына бірқатар түзетулер енгізілді. Яғни, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға жер сатылмайды. Және 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді бағбандыққа, саяжай құрылысына қолдануға тыйым салынған.

Сурет zakon.kz  сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.