0:00 / 0:00
БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды деп облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлайды. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратқан ақпарға сүйенсек, мекеменің бас маманы "Ж" атты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорынан салықтық тексеру кезінде оң нәтиже шығарып беремін деп қыруар қаржы алып, қалтаға басқан көрінеді. 40 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген азаматқа қатысқы күзетпен ұстау "бұлтартпау шарасы" қолданылыпты.
Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді