Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

39 адам сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды

c 17:01, 18/04/2022 c 465

0:00 / 0:00

Былтыр БҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 36 қылмыстық іс тіркеген. Олардың 66 пайызы жемқорлыққа қатысты. Сала мамандары 39 тұлғаның сотталғанын айтады. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу үшін білек сыбана кіріскен болатын. Қылмыспен күресу үшін жаңашылдықтарды жаппай енгізуде.

Былтыр облыс аумағында 39 азамат мемлекеттік қаржыны жымқырды және жемқорлыққа жол берді деп сот алдында жауапкершілікке тартылыпты. Сала мамандары қылмыстық істердің кесірінен мемлекетке 216,2 млн теңгедей шығын келгенін айтады. Күні бүгінге дейін сол қаражаттың 83 пайыздайы мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Бұдан былай облыста жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күреспек. Енді мамандар қылмыстың алдын алу үшін білек сыбана жұмыстанады.

Жаңашылдықтардың баршасы облыстық әкімдікте өткен жиында талқыланды. Жиында айтылған ұсыныстар да кеңінен талқыланды.

Және облыс орталығында мамандар бас қосып, жемқорлықпен күресу және ғылыми жұмыспен шұғылдану үшін " Absolute integrity" кабинеті ашылды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.