0:00 / 0:00
Мичурин ауылдық округіне қарасты бірнеше елдімекенді су басу қаупі бар екенін төтеншеліктер мәлімдеген болатын. Жұмыс күні басталысымен қызмет телефонына тыным жоқ. Еріген қар суы мен қалың түскен қардан жапа шеккен тұрғындар шағымы азаяр емес. Мәселен, сағат 10 ға дейін 30 дан аса ауылдықтан өтініш келіп түскен. Күн райы күрт жылынып, еріген қар суы әсіресе көлік жүргізушілерінің титығына тиуде. Мичурин ауылдық округінің әкімі Беккали Бекжановтың берген ақпаратына сүйенсек тасқынмен күрес жұмыстары округте ақпан айынан басталған. Бүгінде аумақтыағы екі су басу қауіпі бар елді мекенде қар тазаланып, құм да жетлікті мөлшерде тасылып қойған. Шамамен су тасқынының алдын алу шараларына 10 млндай қаржы жұмсалады деп жоспарланып отыр.