Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балабақша жұмысы

c 17:14, 26/02/2019 c 1201

0:00 / 0:00

Ақпанның бел ортасында Маңғыстауда болған жекеменшік балабақшадағы дау-дамай барша қазақстандықтардың зәре құтын қашырғаны жасырын емес. Бала тәрбиелеп отырған нысанда болған кикілжіңдердің аяғы төбелеске ұласты. Бүгінде мектепке дейінгі орталықта тексеріс жүріп жатыр. Жаға ұстатарлық жайттан кейін, балабақшаға баласы білім алсын, әлеуметтік ортаға бейімделсін деген ниетпен беріп отырған ата-аналар қауымы біраз алаңдап отырғаны да рас.

Қазіргі таңда облыс аумағында 507 мектепке дейінгі ұйым бар. Олардың қабырғасында 30339 бала тәрбиеленіп жатыр. Екі үш жылдың ішінде жеке кәсіпкерлер балабақша ашып, бала тәрбилеу ісін қолға алуда. Жыл санап жеке балабақшалардың саны да артып келеді. Бүгінгі таңда жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың саны 61-ді құрайды.

Білім заңнамасына сәйкес барлық балабақша арнайы бекітілген стандарт бойынша баламен жұмыстануы тиіс. Бұл талап барлық балабақшаларға ортақ. Сондай-ақ, олар санитарлық нормаларды естен шығармауы керек.

Санитарлық норма демекші, мектепке дейінгі ұйымдардың санитарлық талаптарды сақтауы мен тағамдардың мәзіріне жауап беретін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өткен жылы 15 жекеменшік балабақшада тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда бірнеше олқылық болғаны анықталыпты. Балабақшаларда тамақ рационының ас мәзіріне сәйкес келмеуі мен таңбалаудың жоқтығы тіркелген. Сондай-ақ, мекемелерде ішек ауруларын туғызатын таяқшалар да табылған.

Жас аналар отбасын асырауға көмектесу үшін кішкентай балаларын балабақшаға орналастырып, жұмысқа шығып жатады. Осы ретте, балаға ұнайтын, оның дамуына көмектесетін ұйымды табу қиынның қиыны. Оралдық ата-аналар балабақшаларды қандай критерийлермен іздеп, оларға қандай талап қояды?

Облыс бойынша жекеменшік балабақшаның артуы кезек мәселесін шешіп, жеке кәсіпкерлерден түсетін салықты көбейтіп, жаңа жұмыс орының ашылуына мүмкіндік береді. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуді қолға алған кәсіпкерлерді мемлекетте де жақсы қолдап отыр. Мәселен, биыл қалада бір бала үшін мемлекет 27 мың теңге төлейді. Ауылдық жерлерде субсидияның көлемі 30 мың теңгейды.. Облыс көлемінде орналасқан барлық балабақша мемлекеттік тапсырыс алуды көздейді. Оларды құзырлы органдар тапсырыстың қалай жүзеге асып жатқандығын білмек мақсатта жылына екі мәрте тексерістен өткізеді. Ақпанның белортасында Ақтауда болған жекеменшік балабақшадағы төбелестен барлық ата-ананың төбе шашы тік тұрды. Шиенеліскен оқиғаның ақ -қарасын сот анықтайды. Алайда, бейбіт күнде педагогтардың мұндай қылығы өскелең ұрпаққа үлгі болмайтыны рас. Азаматтар бауыр еті баласын тәрбиешілер мен ұстаздарға сеніп тапсырады. Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне жауапты жандар жауапкершілікті естен шығармай, тиісті нормалармен жұмыстанып, халықтың көңілінен шыға білсе игі.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.