Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

37 ҰРЛЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША ҰСТАЛҒАН КҮДІКТІ ТЕРГЕЛУДЕ

c 17:46, 18/03/2021 c 846

Екі жыл бойы ұрлықпен айналысқан азамат құрықталды. Ол кезекті рет қылмыс жасау үстінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті 2019 жылдан бастап осы кезге дейін құрылысы бітпеген жер үйлер мен гараждардағы заттарды ұрлап келген. Өзгенің мүлкін заңсыз иемденуді әдетке айналдырған азаматтың үстінен 37 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал мына видеодан құрылыс материалын ұрлап, орталық көшеде емін-еркін кетіп бара жатырған күдіктіні көруге болады. Ш. есімді 1989 жылғы азамат бұрын да істі болыпты. Ұрлаған құрал-саймандарын базарға апарып сатып, ақшаласа, алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп жіберген. Жалпы шығын көлемі 7 млн. теңгені құрайды. Күдікті азамат қолға түскен сәттен бастап осы келтірілген шығынның 65 пайызын өтеп үлгерген.
Айта кету керек, баукеспе ұры деп айып тағылған күдікті кезекті қылмысы кезінде тұтылған. Енді заңсыз жолмен ақша тауып, қылмысқа барғаны дәлелденсе, ол алдағы 7 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін. Жалпы БҚО-да осы кезге дейін 412 ұрлық фактісі тіркелген. Соның 135-і ауыр қылмыс санатында. Басым бөлігі пәтер ұрлығы екені белгілі болып отыр.

Автор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.