Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

37 орында қарбыз сатуға болады

c 17:39, 20/06/2019 c 1437

0:00 / 0:00

БҚО трасса бойларында қарбыз - қауын сатуға тиым салынды. Орал қаласында 37 орында ғана бау бақша өнімдерін соның ішінде қарбыз, қауын сатуға болады. Бұған қатысты қала әкімінің арнайы қаулысы шыққан. Қаладағы жол жиектері бұрыннан-ақ жаз айларында базарға айналатын орындардың бірі. Биыл да дәл сол жерлерде сауда қызып тұр. Қала әкімдігі мен кәсіпкерлік бөлімі бұл орындарды маусымдық өнімдерді сатуға болмайды дейді. Өйткені қарбыз бен қауын көліктен шыққан улы газды бойына сіңіріп алуға бейім бақша өнімдерінің қатарына жатады. Дегенмен, алып-сатарлар жылдағы әдетіне қайта кіріскен. Қарбыздың қазіргі базардағы бағасы 170 пен 200 теңге аралығында. Сатушылар шымкенттік өнім екенін айтады. Ал тұрғындар болса ерте піскен өнімге күмәнмен қарайтындарын жасырмады. Биылғы жылғы маусымдық өнімдерді сату орындарында тағы бір ерекшелік көлік қозғалысына кері әсер ететін жерлер тізімге енгізілмеген. Яғни адам денсаулығына зиян келмеу шаралары барынша ескерілген. Ал санитарлар болса, әр адам өз денсаулығына жауапты сол себепті ерте піскен өнімнен улану қауіптігі  қашанда жоғары екенін тілге тиек етті. Бақша дақылдарының маусымдық саудасына келісім алу үшін, кәсіпкерлер өнімге санитарлық-карантиндік бақылау сертификатын, кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, сондай-ақ жеке куәлігін ұсыну қажет. Қосымша ақпаратты Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің ресми сайтынан білуге болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.