Бүгін Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы өткен жылдың жұмысын қортындылай келе, ағымдағы жылға міндеттерді жүктеп берді. Үкіметтің атқарған жұмысын талқылай келе, Президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетінің жұмысын сынға алды. Өз кезегінде Президент экономикаға тиімді жобалар мен бәсекеге қабілетті кәсіпорындар керек екенін атап өтті. Тек соңғы үш жылда банкроттықтың алдында тұрған кәсіпорындар саны шамамен 2 есеге өскен. Бүгінде олардың қарызы 4 трлн теңгені құрайды. Елбасы бұл орайда берілген қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ете алмаған Үкімет мүшелеріне, жұмыс істей алмасаңдар, отставкаға кетіңдер деп шүйлікті.
Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрт көз түгел жиналды. Министрлер кабинеті, облыс әкімдері, Президент әкімшілігі толық қатысты. Алғашқы болып вице-премьер Ерболат Досаев әлеуметтік саладағы атқарылған мәселелерді баяндап берді. Одан соң сөз кезегі Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевке келді. Бас банкир банк секторындағы ахуалды баяндап, 7-20-25 бағдарламасының үлгісінде отандық көлік сатып алуға несиеге беру туралы бағдарламасы дайындалып жатқанын айтты. Өз кезегінде елбасы банкрот болып жатқан кәсіпорындар саны артып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Ұлттық банк пен үкіметке акционерлердің өз банкін тонап, қашып кетпеуін де қадағалауды тапсырды. Ал мұны қадағалай алмай отырған үкіметке жұмыс істей алмасаңдар, отставкаға кетіңдер деп шүйлікті.
Одан әрі сөз Индустрия және ифнрақұрылымдық даму министір Жеңіс Қасымбекке берілді. Ол республкиалық маңызы бар жолдардың құрылысы жайында баяндады. Бұл орайда Президент аудан,ауыл аралық жолдарды да назарға алуды ұсынды. Батыс Қазақстан облысында жол сапасы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Шүкеев ет экспортын арттыру, құс еті мен жұмыртқасын өндіруді, сүт өнімдерін көбейтуді жүзеге асырамыз деп таудай уәдесін берді.Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев қаржы министрі Әлихан Смайыловтың аяқ жақта отырғаны ұнамай қалды. Президентбарлық министрлерді орындарынан ығыстырып, қаржы министрін төрге қарай шақырып алды. Бұл оарйда бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа орнынан жылжуға тура келді.
Осылайша кең үстелде жайғасқан жақсы-жайсаңдарға өз орындары бар екенін елбасы тағы бір естеріне салды. Ал үкімет мүшелеріне атқарып жатқан жұмыстарындағы кемшіліктерін түзеп, пермьер-министрге бақылауға алу жүктелді.
ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның
меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға,
рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.