Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жоспарлы жүктілік – сау ұрпақ...

c 17:02, 21/12/2018 c 864

0:00 / 0:00

Бүгінде еліміз бойынша 10 мыңнан аса бала церебральды сал ауруына шалдықса, облыста аталмыш дертпен күресіп жүрген 563 бала бар. Сала мамандары аталмыш аурудың алдын алуға болады,- дейді. Тек қажеттісі ата-аналардың жауапкершілігі ғана. Бүгінде қала бойынша 138 дертке шалдыққан балалар 1 мемлекеттік 2 жеке мекемеде ем алуда.Тағдыр тауқыметін тартып, тумысынан мүгедек танған  балаларды  өздігінен жүріп тұруға,  білім алуға, еңбекке баулуға бейімдейтін  «Шапағат» орталығынан бөлек «Шапағат» орталығынан бөлек бӘЙТЕРЕК ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ бұндай аурумен ауыратын балалардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытып, қанаттарын қатайтып жіберуге орталық мамандары бар күш жігерін салуда. "Бәйтерек"  мекемесінде бүгінде 70  мүмкіндігі шектеулі балалардың сүйікті ортасына айналса, ата-аналар үшін де таптырмас көмекшіге айналған.Бұндай балалар жыл сайын кем дегенде 3-4 рет ем қабылдап отырулары тиіс. Ал облыс бойынша барлығы 2622 мүмкіндігі шектеулі бала болса, солардың 563-і осындай дертке шалдыққан. Сала мамандары өкінішке орай бұл цифрлар қатарының уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқандығын айтады. Дегенменде болашақ ұрпағым сау болсын деген әр ата-ана жүктілікті жоспарламас үшін толықтай денсаулығын тексертуі қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.