Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

3,4 млн. адамды кім емдейді?

c 20:38, 24/09/2020 c 625

0:00 / 0:00

3,4 млн қазақстандық медициналық сақтандырудан тыс қалып отыр. Бұл ел халқының 18 пайызы. Бұл жайында бүгін өткен брифинг барысында Медициналық сақтандыру қорының» су жаңа төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.  2 млнға жуық адам қорға уақытылы салым салмағаны үшін медцианлық сақтандырудан тыс қалды. Бір-екі рет ғана салым салғаны үшін12 ай бойы медициналық қызмет көрсетілмейді. Бұған қоса тағы 1 миллион 300 мың адам бірде бір рет қорға ақша аударып көрмеген. Сондықтан олар тегін медициналық көмектен қағылып отыр.

Медициналық көмек алуың үшін табысыңнан сақтандыру қорына салым аудару мәселесі қоғамда талай сыналғанды. Дегенмен, бұл жүйе заңмен бекітіліп, жұмыс істеп жатыр. Медициналық сақтандыру қорына аударған салымыңызбен жекеменшік клиникаларға да жүгінуге болады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар ай сайын қорға тиынын салып отырса, дәрігердің қызметін ала алады.  Алайда, мәлім болғандай  3 миллион 400 мың  қазақстандық медициналық сақтандырудан тыс қалып отыр. Бұл ел халқының 18 пайызы.

Болат Төкежанов  – «әлеуметттік медициналық сақтандыру қорының» төрағасы «3 миллион 400 мың қазақстандық медициналық сақтандырудан тыс қалып отыр. 2 млнға жуық адам қорға уақытында салым салмағаны үшін медцианлық сақтандырудан тыс қалды. Бір-екі рет ғана салым салғаны үшін12 ай бойы медициналық қызмет көрсетілмейді. Бұған қоса тағы 1 миллион 300 мың адам бірде бір рет қорға ақша аударып көрмеген. Сондықтан олар тегін медициналық көмектен қағылып отыр».

Осылайша медициналық сақтаныдур қорына үзбей салым салып отырсаң, қалаған аурухана, емханада емделе аласың. Іс жүзінде бәрі басқаша. Қауіпті індетің таралуы өршіген кезде қазақстандықтар қордың әлеуетін пайдалана алмады.  Ал уәде еткен тегін көмекті науқастарға айлап күтуге тура келеді.  Мәлім болғандай, есесіне қор өзін жарнамалауға ақшаны аяп отырған жоқ.

Болат Төкежанов  – «әлеуметттік медициналық сақтандыру қорының» төрағасы «Бюджеттен қордың пиар жұмысына қаражат қарастырылған. Шығын көзі 214 млн теңгені құрайды. БАҚ қор жұмысы жайныда материалдар шығару үшін 54,1 млн теңге, СММ қызметіне 57,1 млн теңге көзделді»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.