Ауа-райының тосын мінез танытуына орай облысымыздағы маңызы бар жолдарда көлік кептелістері орын алуда. Мәселен, 21 -ші қараша күні кешқұрым Орал Атырау бағытындағы тас жолы бойында жол көлік оғиғасы орын алып, екі адам зардап шекті. Оның бірі 25 жасар қыз бала болса, екіншісі 7 айлық сәби. Көліктер Орал қаласына кіре берістегі Ысқырық тауында сағаттап тұрып, коммуналдықтардың көмегіне сүйенген. Сала мамандары қазіргі құбылмалы ауа-райында сақтық шараларын күшейту қажетекенін айтады.