0:00 / 0:00
Екі баланың анасы қатерлі дертке шалдыққан. Сол себепті 2ші топ мүгедегі ретінде жұмысқа жарамсыз деп танылып, ем алуға қажетті қаражатын таба алмай отыр. Күнкөрісі қиындаған азаматшаға көрші-қолаң ғана қолдан келгенше қол ұшын созады.
33 жастағы Виктория Столбоушкина жатыр мойыны ісігіне шалдыққан. 2 баланың анасы өз баспанасы болмағандықтан Зеленов ауданының Озерное ауылындағы жалдамалы үйде тұрып жатыр. Осыған дейін 6 рет химиялық терапиядан, бір рет радиологиялық емнен өткен азаматша екінші топтың мүгедегі. Күн сайын қатты ауырсынудан жанын қоярға жер таппайтын Виктория тек екпелердің көмегімен жүреді. Оның үстіне оқу жылы таяғанда балаларының мектепке дайын емесі жанын қинайды. Өз дерті жөнінде азаматша бір жарым жыл бұрын білген. Мүгедектігі үшін алатын 43 мың теңге ақша үйге төленетін жалдық ақы мен тамақтан арылмайды. Ал тұрақты жұмысы жоқ күйеуі шөп шауып, пішен жинап, отбасын асырауға тырысатын көрінеді. Жақында әйел ауруханаға жатып, ота жасалуы мүмкін. Ана жүрегін бәрінен бұрын балаларының тағдыры алаңдатады. Қазір отбасыға көршілері қол ұшын созып отыр. Өздерінің бос үйлерінен орын беріп, жоғын жеткізіп береді.
-"Жағдайым оңалмады. Дәрігерлер де жасырмайды. Отаға жатсам балаларды кім қарайды? Егер өліп кетсем не болады",-дейді көңілі алаң болып, жүрегі қарс айрылған Виктория.
Виктории Столбоушкинаға көмек қолын созамын деуші мейрімді, жомарт жандар табылса, 87761836555 телефон нөміріне хабарласуына болады.