0:00 / 0:00
Қала күнінде шаһар басшысы Абат Шыныбековтың салтанатты қабылдауы өтті. Шара барысында облыс орталығының көркеюі мен дамуына үлес қосқан жандарға "Орал қаласының құрметті азаматы" деген атақ берілді.
Орал қаласы-үш өзеннің тоғысында орналасқан шаһар. Дәстүрге айналған қала күні шаһар басшысының салтанатты қабылдауымен басталды.
Көне шаһардың дамуына үлес қосқан жандарға "Орал қаласының құрметті азаматы" деген атақ берілді. Жайық мәселесін көтерген Елена Тарасенко, бұрынғы қала әкімі Самиғолла Оразов пен инновациялық білім беру саласында жұмыс істейтін Ақсерік Әйтімов құрметке ие болды.
Салтанатты шарада қазақтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгереева қала тұрғындарын құттықтап, әншілер ән шашумен тарту жасады.