БҚО-да 26 тонна медицина қолғабын көрші мемлекетке апара жатқан жүк көлігінің жолы кесілді. Әлем бойынша жарияланған пандемияға байланысты Қазақстан Үкіметі медициналық жеке қорғау құралдарын елден алып кетуге тыйым салған болатын. Соған қарамастан 26 тонна латекс қолғаптары ел аумағынан шығарылмақ болған. ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің офицері Ұлман Әбішованың мәлім еткеніндей, оқиға 16 наурыз күні сағат 19.30-да «Тасқала» өткізу бекетінде тіркелген