Биылғы жылы жануарлар дүниесіне залал келтіріп, заңды белшесінен басқан 21 броконьер сотталды. Сот сегіз фактіге байланысты үкім шығарған. Қылмыскерлердің 99 бас киікті атқаны белгілі болды. Сондай-ақ,сотталғандардан үкіметтің пайдасына 331 млн теңгедей қаражат өндіріліпті. Құқық қорғау саласының мамандары "Қызыл кітапқа" енген жануарларды қолға түсірумен айналысқан азаматтардан бірнеше қару -жарақ, 6 қар шана мен көлікті тәркілеген.