0:00 / 0:00
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес,12 түрлі қызметке патентті қолдануды алып тастау қарастырылған. Олар: Жер қойнауын пайдалану, акцизделетін тауарлар өндiру, консультациялық қызметтер көрсету; сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржыландырылуы, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі және тағы басқа. Мұндағы мақсат-бейресми еңбек қатынасын болдырмау және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Сонымен бірге, өзгерістер көлеңкелі бизнесті ашыққа шығарып, жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыруға бағытталған. Онда жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша табыс табуға патент талап етілмейді. Мысалы, тәулік бойы сауда сату, азық-түлік сату, базарларда сауда жүргізу және тағы басқа.Бірыңғай жер салығын төлейтін шаруа қожалықтарына 2020 жылдан бастап салық нысандары өзгертілді. Бұрын салық салу нысаны жердің бағаланған құны болса, 2020 жылдан бастап салық салу нысаны - ол оңайлатылған декларациядағыдай табыс көзі болып тұр. Сонымен қатар, биылдан бастап шара қожалықтарына бақылау кассалық аппараттарын қою міндеттелінген. Еске салсақ, арнаулы салық тәртібін қолданатын шағын және ұсақ кәсіпкерлік субъектілері табыс салығынан үш жылға босатылады. Бастама 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің кепілі" атты жолдауында айтылған болатын. Сонымен қатар, жеңілдетілген салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босату қарастырылған.