Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 26 мыңнан аса аса азамат үй кезегінде тұр. Олардың 1700-і көпбалалы отбасылар. Өткен жылы кезекте тұрған 595 отбасы баспана алды. Биыл кезектегілер үшін 1710 пәтер тапсырылады. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесу жиынында БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті.
БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің мәлімдеуінше, өткен жылы тұрғын үй құрылысы үшін 16 млрд. теңге бөлінген. Кезекте тұрған 595 отбасы баспаналы болды. Соның ішінде 291 пәтер көпбалалы отбасыларға берілді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 113 отбасы үй алды.
– Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған бағдарлама бойынша көпбалалы, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шеукеулі бала тәрбиеліп отырған жанұялар жылдық екі пайыздық жеңілдікпен баспана алды. Аталмыш бағдарлама биыл да жалғасатын болады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл тұрғын үй құрылысына 21 млрд.теңге Кезектегілер үшін 1710 пәтерді тапсыру жоспарлануда.
Апатты және ескі үйлер мәселесін шешу мақсатында Орал қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвесторларды тарту арқылы тұрғын үйлер салу белсенді жүргізілуде. Бұл механизм бойынша 5 үй салынды, тағы 4 үйдің құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ ҚПО б.в есебінен екі үй салынбақ.
Өткен жылы «Ақжайық» шағынауданына инженерлік инфрақұрылым тарту құрылысы аяқталды. Облыс басшысының сөзінше, қазір осы жаңа ауданға тұрғын үй және коммерциялық нысандар құрылысын бастау мәселесі талқылануда.