Жалпы әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі цифрландыру негізі нәтижелерге жеткізеді. Мәселен, бүгінде кіші және орта кәсіпкерлік саласында еңбек шарты жасалмай, ақырында жұмысшы мен жұмыс беруші арасында дау-дамай туындап, қызметкердің құқығы қорғалмай, ақ адал еңбекақысы төленбейтін, жәйттер жиі кездесіп жатады дейді сала мамандары.
Арман Тұйғынбет, БҚО еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:
-Үстіміздегі жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында 60 тан аса еңбек заңнамасы сақтамау деректері тіркелді. Мәселелердің дені екі жақты еңбек шартының жасалмауынан жалақы уақытылы төленбеген жағдайлар жиі кездеседі. Ал алдағы жылдан бастап еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу бұл мәселенің нақты шешімі болады. Яғни енді жұмыс беруші мен жұмысшы арасында орындалуы тиіс заң шеңберіндегі шаралар электронды жүйе арқылы орындалады.
Бұл күнгі түсіндіру шарасына 30 дан аса кәсіпкер сала мамандарынан қажетті ақпарат алды. Еңбек заңнамасы аясында жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дау дамайдың алдын-алу жолында еңбек инспекциясынан бөлек, үшінші тарап кәсіподақ жұмыс да жандануда. Мәселен облыс бойынша бүгінде 75 мың кәсіподақ мүшесі бар. Енді сала мамандары шағын және орта бизнес саласында да кәсіподақ құруды қолға алмақ. Жаңа жылдан бастап енгізілетін бұл жүйе кадрлық іс жүргізуді жеңілдету және оңтайландыру болып табылады. Жүйені цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың да алдын алудың алғышарттары болып табылады. Жаңа қызметке көшуге 20 дан аса бизнес субьектісі дайын екендерін жеткізді.