Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2000 студент кісі есігінде жүр

c 10:37, 19/04/2018 c 792

0:00 / 0:00

Өңірімізде екі мыңның үстінде студент жатақхана жетіспеушілігінен көрінгеннің есігін сағалап, ағайын-туғандарын жағалап, пәтер жалдап білім алуға мәжбүр. Ашқұрсақ студенттердің жағдайына жаны ашыған Елбасымыз үстіміздегі жылы "Бес әлеуметтік бастама" бағдарламасында студенттерді түгелдерлік жатақханамен қамту мәселесіне арнайы тоқталып, жауапты орындарға тапсырма берген. Президент тапсырмасы өңірімізде қалай жүзеге асырылмақ.

Қазіргі заманғы сұранысқа сай техникалық мамандар даярлайтын Орал политехникалық колледжінде бүгінде 700-дей бала білім алып, маманданып жатыр. Білім ордасындағы ашқұрсақ студенттердің жартысына жуығы шаһарымыздан шалғай жатқан ауыл-аймақтардан екенін ескерсек, олардың арасында бірісі тума-туыстарын жағалап, бірісі кім көрінегеннің есігін сағалап, пәтерде жүргендері де кездеседі.

Бұдан біраз жыл бұрын аталған оқу орны ауласында орналасқан жатақханасы да болған. Алайда, апатты жағдайдағы әбден тозығы жетіп қирап жатқан ғимаратты жауапты орындар біржола жабуды ұйғарыпты.

Елбасының жыл Жауапты орындар жоспарлағандай, қалада төрт бірдей жатақхана салынса шаһардағы 1 300 студент тұрғын жаймен қамтылмақ. басында қабылдаған "Бес әлеуметтік бастамасы" студенттер үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Колледж басшылығы да, жатақханада тұрған студенттерді қадағалау да жеңілдей түсетінін жасырмады.

Облыстық құрылыс басқармасы, қазір өңірде төрт бірдей студенттер үйінің құрылысын жоспарлап, әзірлеп отырғандарын хабарлады.

Жауапты орындар жоспарлағандай, қалада төрт бірдей жатақхана салынса шаһардағы 1300 студент тұрғын жаймен қамтылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.