0:00 / 0:00
ТДК 42 телеарнасы жақын күндері өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Соған орай редакциямызға мерекелік құттықтаулар мен тілектер, алғыстар легі толассыз түсіп жатыр. "20 қайырымды іс" акциясы аясында бейне сюжеттеріміздің кейіпкерлерінің бірі-Виктория Хұсайыновамен кездесу сәті туған еді. 27 жастағы 3 баланың анасы осы жылдың мамыр айында күйеуінен айрылып, қара жамылып қалды. Алексей Качулин септикке түсіп кеткен 5 жастағы баланы құтқарамын деп деп мерт болды. Телеарнамыздан оның жағдайын көрген қайырымды жандар бей-жәй қалмады. Бүгінгі күні азаматша еріктілердің көмегімен бірақ ақша жиып, пәтер сатып алуға талпынып отыр. Өзіне қиын-қыстауда қол ұшын созғандарға айтар алғысы ұшан-теңіз.
Жұмысқа кеткен отағасы отбасына оралмады. Виктория Хұсайынова 3 баласымен қара жамылып қала берді. Қайғылы қазаны сезінбеген сәбилер қыңқылдап әкелерін сұрағанда, аналары не айтарын білмей қиналды. Күйеуінің табысына қарап, күн көріп отырған келіншеккке бұл күндері пәтердің жалдық ақасын төлеудің өзі бір мұң болған еді. Сол кезде пәтер иесі одан бөлмені босатуын талап етеді. Бұл жағдайды арнамыздан көрген мейрімді жандар Викторияға жан-жақтан көмек қолын созған еді. Есімін атамауын өтінген адам жаңадан 2 айға пәтер жалдап берді. Содан соң 2 ай бойы кішкентай сәбиі науқастанып, ауруханада жатқан Виктория Хұсайынова қазір анасының үйіне көшіп келуге тура келгенін айтады.
Викторияның үлкен балалары нағашы әжелерімен саяжайға кеткен. Бұл үйде кейіпкеріміздің інісі әйелімен, бала-шағасымен, анасымен бірге 9 адам тұрып жатыр. Соңғы рет еріктілер ақша салған картаны тексергенде ішінде млн 100 ақша болғанын көрген әйел осы соманы толықтырып, баспана алуды жоспарлап отыр. Қайғылы оқиға 31-мамырда саяжай қоғамдастықтарының бірі болды. Жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан Виктория Хұсайынованың күйеуі ашық септикке түсіп кеткен сәбидің даусын естіп, оны құтқармақ болады. Бірақ бала да, ер адам да шұңқырдан шыға алмай мерт болды.