Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2-сәуір аутизм туралы ақпарат тарату күні

c 15:27, 02/04/2021 c 923

0:00 / 0:00

Екінші сәуір-дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Бұл күнді Катардың ұсынысымен 2007 жылы Біріккен ұлттар ұйымы бекіткен-ді. Бүгінде елімізде аутизм дерті бар балаларға арналған орталықтар жұмыс жасайды. Солардың бірі- Оралда 2018 жылы ашылғаны есімізде. Қазіргі таңда аталмыш орталықтан көмек алу үшін 500 бала кезекте тұр.

Оралда аутизм індетіне шалдыққан бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына көмектесуге арналған орталық осыдан 3 жыл бұрын өз жұмысын бастады. Бүгінде осы орталықтың көмегіне жүгіну үшін 500 бала кезекте тұр.

Дамуында ерекшелігі бар балалармен білікті мамандар  төрт бағдарлама бойынша жұмыстанады.

3 жастан асқан балаларда аутизм індеті көп анықталатын көрінеді. Сол себепті оқыту дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаға қатысатын балалардың қарасы қалың.

Мамандар кішкентай сәби есім атап шақырғанда, дыбыстарды елемесе білікті кадрлардан кеңес алуға шақырады. Аутизм індетіне шалдыққан баланы мамандардың диагностикасына ерте апарсаңыз, оның еміне шипа болмақ.

Сурет http://turaninfo.kz/ сайтынан жүктелді

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.