0:00 / 0:00
1 маусымнан бастап өңірде өрт қауіптілігінің 4-ші деңгейі жариаланды. Осыған байланысты облыстың барлық аумағында рейдтік шаралар қолға алынды. Бұл жұмыстар суға түсу орындарында, ормандарда, саяжай қауымдастықтарында, демалыс аймақтарында өткізілді. Негізінен тілсіз жаудың тұтануына адамдардың өздері себепкер болуда. Өрт қауіпі бар кезеңінен бастап орман алқаптарында кезекшілік ұйымдастырылуда. Бөрлі мен Шынғырлау аудандарындағы мемлекеттік орман алқабына жатпайтын аумаққа 7 рет тексеру жүргізілді. Осы жылы өрт қауіпінің алдын алу жұмыстарына қарамастан мемлекеттік орман алқабында 2 өрт жағдайы тіркелді. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы - 20,57 га, оның ішіңде орманмен көмкерілгені -13,45 га. Зерттеулер бойынша негізінен Ақжайық, Шынғырлау, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Бәйтерек және Орал қаласы аумағында өрт оқиғасы жиі болады.