0:00 / 0:00
Бәйтерек ауданы Погодаев ауылында 8 және 5 жасар балаларды БҚО ПД кинологиялық кызмет орталығының кіші инспектор-кинологі, полиция сержанты Қуанышев Ержан құтқарып қалды. Оқыс оқиға 30 мамыр күні кешкі сағат төрттен кейін болған. Арна тілшілері балдырғандардың құтқарушыларымен және өздерімен кездесіп болған, жағдайға қанық болып қайтты.ілсіз жаудан бейхабар, бір ажалдан аман қалған ойын балаларының айтуынша, бір-біріне еріп, ауылдың шетіндегі каналға барып, балық ауламақ болыпты.
Ауылдың шетіндегі бұл канал суы өте терең көрінеді. Мұқағалидың атасының айтуынша, балалар бұған дейін ескертусіз ешқайда бармапты. Үлкендер жеткіншектердің су жағалап кеткенін байқамай қалған. Келешегінен үлкен үміт күтіп отырған немерелерінің аман қалғанына қаттықуанышты атасы мен әке-шешесі Ержанға рахметін жеткізді.Әрбір секунд қыл үстінде тұрған сын сәтте Ержан балаларға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызады. Бала қорқып кетті ме, өзі жүзіп шықпақ болды ма - көмекке шақырып айқайламапты. Шебер жүзетін полицей өзінің бұл әрекетін бар болғаны адамдық борышым,- дейді.
Сәбилердің өмірін құтқарған ауылдықтар «Жанкешті полицейдің бейбіт күндегі ерлігі еленбей қалмаса екен», - дейді. Ержан Қуанышов қызметке бір жыл бұрын келіпті.