0:00 / 0:00
Қала күнінде облыс орталығында көпқабатты тұрғын үй пәтер кезегінде тұрған жандарға табысталды. 198 отбасы қоныс тойын тойлады.
Орал қаласында көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған 198 отбасы қоныс тойын тойлады. Оларға 9 қабатты тұрғын үйді пайдалануға берілді. Баспана -жекешелендіру құқығынсыз, арендалық үй ретінде табысталып отыр.
Облыс әкімі қуанышты отбасыларға құтты болсын айта келіп, пәтер кілтін табыстады.
Пәтерлі болған жандардың бірі көпбалалы болса, енді бірі 18 жылдан бері мүгедектігі бойынша кезекте тұрған.
Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында 21 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Биыл облыс орталығында тұрғын үй құрылысы үшін 7,3 млрд. теңгедей қаражат бөлінген. Бұл сомаға мемлекеттік бағдарламалар бойынша 10 үй салынып, 8 баспана пайдалануға берілмек.