Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

192 БАСПАНА БЕРІЛДІ

c 17:29, 03/09 c 11

0:00 / 0:00

Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарына 192 үйдің кілті табысталды. Салтанатты жиынға арнайы келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоныс иелерін құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.

Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қоныс тойы жалғасуда. Бүгінде облыс бойынша тауқымет тартқан жандарға арнайы салынған 775 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Кезекті кілт табыстау сәті енді «Жұлдыз» шағын ауданының тұрғындарына да келіп жетті.

Жаңа тұрғын үй толық әрленіп, газ, су желілері тартылып, инженерлік жабдықтармен қамтылған. Бұрын Венера саяжайында тұрған Қарлыға Жанмұханбетова осындай баспанаға қол жеткізгеніне дән риза.

Халық тұрмысының қолайлылығы үшін Жұлдыз шағын ауданы, Зашаған және Деркөл кенттерінде асфальтті жол тартылмақ. Сонымен қатар, келер жылдың еншісінде аталмыш ауданда балалар ойын алаңын салу да жоспарда,- деді облыс әкімі Нармиман Төреғалиев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.