0:00 / 0:00
Орал қаласындағы Қонаев көшесі 27 мекенжайының тұрғындары екі жылдан аса уақыттан бері ыстық сусыз отыр. Тұрғынжай иелерінің айтуынша, жергілікті әкімдік пен «Жайықжылуқуат» АҚ-на мәселені айтып көмек сұрағанмен ешқандай қолдау болмапты.9 қабатты бұл үй мемлекеттік бағдарлама негізінде 181 отбасына осыдан бес жыл бұрын пайдалануға берілген. Бастапқы кезде су жаңа тұрғынжайда ешқандай мәселе болмаған. Алайда осыдан екі жыл бұрын төртінші қабаттан жоғары қарай ыстық су жүрмей, пәтер иелерінің мазасын қашырған. Үй иелері аталған жағдайдан шығу үшін қалалық әкімдік пен коммуналдық мекемеге талай барып, хат жазса да мәселенің әлі күнге дейін халықтың пайдасына шешілер түрі жоқ. Керісінше тұрғындар қаражат жинап, жертөледегі құбырларды өз қалталарынан қайта ауыстыруы қажет екен. Мәселе шенеуініктерге таныс. Үйдің құжатта көрсетілген кепілдік уақыты аяқталыпты. Алайда тұрғын үйді қабылдап алған мемлекеттік комиссия бұл олқылыққа бей-жай қарағаны қалай?Бүгінде Қонаев көшесі 27 мекенжайының бірқатар тұрғындары су ысытқыш техника орнатып үлгерген.