Орал қаласында жанжал соңы суық қару қолданумен аяқталды. Шаһардағы орталық базарда жүк тасушы болып жасайтын екі жігіт сөзге келіп қалған. Артынша 26 жасар азамат даудың нүктесін қоямын деп жұмыстасына сөйлесуге келіпті-мыс. Екі жігіттің әңгімесі жараспай, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде бірі қарсыласына пышақ сұғып алған. Жарақат алған 26 жасар азамат облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізіледі. Ал 18 жасар ер адам Орал қаласының ПБ-ның уақытша қамау изоляторына қамалды. Айта кету керек, жарақат алған 1994 жылғы азамат бұрын да істі болыпты.