0:00 / 0:00
Оралда кеше 18 адам қала көшелерінен ішкі істер органдарына жеткізілді. Олар Қазақстанда тыйым салынған ұйымға қатысы бар деген күдікпен тексеруге алынды. Бұл туралы полиция департаментінің мамандары мәлімеді. Қазіргі таңда тергеушілердің өндірісіндегі іс ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған. 18 адамның біреуі Сырым ауданының тұрғыны болып табылады.