0:00 / 0:00
Бекіре балығын заңсыз тасымалдамақ болған Батыс Қазақстан облысының 48 жасар тұрғыны құрықталды. Бұл туралы полиция департаментінің мамандары хабарлады. Оқиға өткен аптада Орал-Желаев тас жолындағы көліктерді тексеру барысында анықталған. БҚО ПД баспасөз қызметкері Асылай Ғұбашеваның мәлімдеуінше жүк тасымалдағыш күдікті көліктен 176 келі бағалы балық еті тәркеленген. Балық бірнеше қапқа салыныпты. – Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,-деді Асылай Ғұбашева.