Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында жек үйдің аумағында алапат өрт шықты. Тілсіз жау үш сағаттан кейін сөндірілді. «15 қаңтар күні сағат 02:08-де Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты кентінде жеке үй аумағындағы өрт туралы хабар келіп түскен. Аумағы 210 шаршы метр болатын мал қорасы отқа оранып, ондағы 17 сиыр тірілей өртеніп кеткен. Абырой болғанда адам денсаулығына зиян келген жоқ.Таңғы 4:35-те тоқтатылып, 5:15-те толық сөндірілді. Оған БҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 12 адам мен 2 техника жіберілді. «Төтенше оқиғадан адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт себептері анықталуда.